«Көктем келді, мен сені тағы ойладым ...» ән байқауы
15 сәуір Қазақстанда Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні қарсаңында Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасы, «Жастар орталығы», «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы, «Мәдениет үйі» бірлесе отырып Долинка кентінде орналасқан 6505 Әскери бөлімі сарбаздары арасында «Көктем келді, мен сені тағы ойладым...» атты ән байқауын ұйымдастырды. Шара баяу әннің ырғағымен орындалған мәнерлеп оқудан бастау алды. Мәдениет үйінің әншілері көңіл күйін шертер әуезді әндері тыңдалды. Сонымен қатарән байқауына ұйымдастырушылар тарапынан «Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қуат Айтуар Амантайұлы, Шахтинск қаласы Мәдениет, Тілдерді дамыту, Дене шынықтыру және Спорт бөлімінің «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының директоры Ахметова Алтынай Сайлюбаевна және Кеншілер мәдениет сарайы бұқаралық мәдени бөлім басшысы Бейсембаева Асем Болатовна әділқазылық етті. Оннан астам сарбаз махаббат тақырыбындағы әндерден бақ сынасты. Іс-шара қорытындысы бойынша гран приді Сыдықов Азамат, 1 орын Елеусін Қонвсбек, 2 орын Еркін Адай, 3 орын Жасқали Дарабек иеленіп, барлық қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.