Сыр сандығым – сөзімде
17 сәуір Ұлттық кітап күні аясында жергілікті ақын Фарида Карабаеваның қатысуымен мектеп оқушыларымен «Сыр сандығым – сөзімде» шығармашылық кездесуі өтті. Шара барысында жас ақынның өзімен сұхбаттасу арқылы өмірбаяны, шығармашылық жолы жайлы ақпараттар алынды. Сонымен қатар 20 наурыз күні ақынның тұсаукесері өткен жаңа туындысымен таныс болып, ол жыр кітаптарынан өлең шумақтары көрермендер тарапынан оқылды. Іс-шара соңында оқушылар толғандырған сұрақтарын қойып, жауауп ала білді. Сонымен қатар жас ақынымыз Фарида Карабаеваға кітапхананың атынан алғыс хаты мен гүл шоқтары табысталды.