«Дауыстап оқу уақыты» мәнерлеп оқу

18.04.2026 15:14 Администратор библиотеки
«Дауыстап оқу уақыты» мәнерлеп оқу

Шара барысында кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, оқушыларды кітап оқудың маңыздылығымен таныстырды. Дауыстап оқудың тіл дамытудағы, сөздік қорды байытудағы және ойды анық жеткізудегі рөлі атап өтілді. Оқушылар кезекпен өздері таңдаған көркем шығармалардан үзінділерді дауыстап оқыды. Әсіресе қазақ әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларына ерекше көңіл бөлінді. Шара барысында қатысушылар мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын сақтай отырып оқуға тырысты. Тыңдаушылар оқылған шығармалар бойынша өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді. Шара соңында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артқаны байқалды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР