«Өмір белестері» жергілікті жазушымен кездесу

23.04.2026 15:23 Администратор библиотеки
«Өмір белестері» жергілікті жазушымен кездесу

2026 жылдың 23 сәуірде Ұлттық кітап күні қарсаңында және биылғы жылы Шахтинск қаласының құрылғанына 65 жыл толуына орай орталық кітапханасының оқу залының қызметкерлері жергілікті жазушы Жүкенов Төлеужан Камкенұлымен кездесу  өтті. Іс-шара барысында сарбаздар жазушының кітаптары және күнделіктерімен танысып, жалпы болашақ жастарға айтары мен берері мол сырлы сұхбат болды. Жазушы сөздерінен өміршең қызыққа толы мәліметтер естіп, еңбек жолына байланысты сұрақ қою арқылы танысып, оқырмандарды сол сәттерге біраз саяхат шеккендей әсер қалдырды. Жазушы ата-анасы, отбасы, ұрпақтары  жайлы кеңінен айтып өтті.  Шыққан кітаптары туралы да көптеген мәлімет бере кетті. Кездесу соңында оқырмандарды кітап оқуға, қала күніне орай және кітапханамыздың 65 жыл толуына орай жүрекжарды лебізді тілектерін жолдады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР