Абылай хан: мемлекет қайраткері ретіндегі жолы
2026 жылдың 22 қаңтарында Шахтинск қаласы «№5 мектеп-гимназиясы» 10 «А» сыныбының оқушыларына Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапхананың оқу залында «Абылай хан: мемлекет қайраткері ретіндегі жолы» атты қазақ халқының ұлы мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 315 жыл, билік құрғанына 255 жыл толуына орай, оның мемлекет қайраткері ретіндегі өмірі мен қызметіне арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Абылай ханның тарихи тұлғасы, ел басқарудағы даналығы және қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы рөлімен таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында Абылай ханның өмір жолы, хандық билігі кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясаты, қазақ жерін қорғаудағы тарихи еңбегі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Қатысушыларға тақырыпқа сәйкес бейне материалдар ұсынылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар сұрақ-жауап түріндегі танымдық бөлім өткізіліп, қатысушылардың белсенділігі артты. Іс-шара қорытындысында Абылай ханның ел бірлігін сақтаудағы рөлі ерекше атап өтіліп, қатысушылар тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырды.