Талғат Мұсабаев — ғарыштық жол

23.01.2026 15:01 Администратор библиотеки
Талғат Мұсабаев — ғарыштық жол

Бұхар жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залында Е.Бөкетов атындағы мектептің 9-сынып оқушылары үшін көрнекті қазақстандық ғарышкер, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Ресей Федерациясының Батыры және Халық Қаһарманы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың рухына арналған «Талғат Мұсабаев — ғарыштық жол» атты кинопоказ-дискуссия өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ғарышкердің өмірі мен кәсіби жолы, алғашқы ғарыштық ұшулары, ашық ғарышқа шығулары, сондай-ақ ұлттық ғарыш саласының дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен мағлұмат алды. Негізгі бөлімде арманы оны жұлдыздарға жетелеген адам туралы баяндайтын «Арманмен нұрланған жол» деректі фильмі көрсетілді. Кинопоказтан кейін пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, Талғат Мұсабаевтың бойындағы патриотизм, рух күші мен адамгершілік құндылықтар жайында ой қозғады. Іс-шара жастардың Қазақстанға деген мақтаныш сезімін қалыптастырып, оларды өз армандарына сенуге және биік мақсаттарға ұмтылуға жігерлендірді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР