«Жасөспірімнің ішкі әлемі: өз-өзіңді түсіну және қабылдау» тұлғалық даму сағаты
Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасының оқу залы қызметкері «Жастар vectory» клуб мүшелерімен тұлғалық даму сағаты жоспарға сәйкес өткізілді. Клуб жетекшісі қатысушыларды шара тақырыбымен таныстырып, жасөспірім кезеңінің ерекшеліктері, ішкі әлемді түсінудің маңыздылығы туралы кіріспе әңгіме жүргізілді. Оқушылармен ашық сұхбат ұйымдастырылып, «ішкі әлем», «өзін қабылдау», «сезімдер» ұғымдары талқыланды.
Шара барысында келесі жаттығулар өткізілді:
«Мен қандаймын?» – оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін атап, өзіндік талдау жасады;
«Сезімдер әлемі» – түрлі эмоцияларды тану және оларды қабылдау туралы пікір алмасты;
«Өзімді қабылдаймын» – өзін-өзі бағалауға бағытталған позитивті тұжырымдар айтылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойлары мен сезімдерімен еркін бөлісті. Шара соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар бүгінгі кездесуден алған әсерлері мен түйген ойларын ортаға салды. Оқушылар өзін-өзі түсіну мен қабылдаудың маңызын ұғынды, өз сезімдеріне назар аударуды үйренді. Шара жасөспірімдердің психологиялық жай-күйіне оң әсерін тигізді.