Оқитын уақыт
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері №4 ЖББМ барып, «Оқитын уақыт» акциясы аясында 6 «А» сынып оқушылары үшін «Оқиғалар мен шытырман оқиғалар сандығы» атты әдеби саяхат өткізді. Іс-шара Зира Наурызбаева мен Лили Калаустың «Бату мен оның достарының бастан кешкен оқиғалары» сериясы бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар кітаптың басты кейіпкері — ізденімпаз әрі батыл Бату және оның адал достарымен танысып, олардың бастан кешкен қызықты оқиғаларына үңілді. Оқушылар оқыған шығармалары бойынша пікір алмасып, кейіпкерлердің әрекеттеріне өз көзқарастарын білдірді. Кездесу шығармашылық және достық атмосферада өтіп, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды.