Наурызда сондай бір күн бар
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында салауатты өмір салты клубының мүшелері үшін «Наурызда сондай бір күн бар» атты демалыс кеші өткізілді. Қонақтар викториналар мен түрлі байқауларға үлкен қызығушылықпен қатысты. Қатысушы әйелдер тапқырлықтарын, әйелдерге тән логикаларын, шығармашылық белсенділіктерін және жарқын әзілдерін көрсетті. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.