Құстар күні

03.04.2026 15:33 Администратор библиотеки
Құстар күні

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында «Құстар күні» атты экологиялық мереке өткізілді. Іс-шара барысында жас оқырмандар құстар әлемі туралы тың деректермен танысып, олардың тіршілігі мен табиғаттағы рөлі жайында мағлұмат алды. Балалар «құстар лотосы» ойынын ойнап, қызықты жұмбақтарды шешті, викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап берді. Кітапханашы оқушыларға құстар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдарды ұсынып, олардың мазмұнымен таныстырды. Сонымен қатар табиғатты қорғау, құстарға қамқорлық жасау және табиғатта өзін ұстау ережелері жөнінде әңгіме жүргізді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР