Андерсеннің сиқырлы ертегілер сандығы
«Балалар кітабы апталығы» акциясы аясында Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері №4 ЖББМ барып, 1 «Б» сынып оқушыларына арналған «Андерсеннің сиқырлы ертегілер сандығы» атты әдеби ойын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар викторина сұрақтарына жауап беріп, кроссворд шешті.