Қазақ ертегілерінің калейдоскопы
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында «Балалар кітабы апталығы» аясында «Қазақ ертегілерінің калейдоскопы» атты кітап дастарханы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға ертегілердің мәдени мұра ретіндегі маңызы түсіндірілді. Қатысушыларға «Нан батыр», «Падиша мен бүркіт», «Үш тапсырма» және халықтың сүйікті кейіпкері Алдар Көсе туралы ертегілер қамтылған түрлі-түсті кітаптар таныстырылды. Ертегілер арқылы қазақ халық ертегілерінің түрлері — қиял-ғажайып, тұрмыстық және жануарлар жайындағы ертегілер туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар ертегілердің тәрбиелік мәні, олардың адам бойына сіңіретін асыл қасиеттері — даналық, мейірімділік, әділдік, батылдық және еңбекқорлық жөнінде айтылды. Оқушылармен «Ертегіні тап» атты ойын және «Ертегінің жалғасын құрастыр» шығармашылық тапсырмасы өткізілді. Шара соңында барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.