Кітап әлеміне саяхат
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында «Балалар кітабы апталығы» аясында оқушыларға арналған «Кітап әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — оқырмандарды кітап әлемінің мол қазынасымен таныстырып, әдебиеттің түрлі жанрлары, авторлары мен бағыттарының кең ауқымын көрсету. Көрмеде қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен ғылыми-көпшілік басылымдар кеңінен таныстырылды. Көрменің негізгі идеясы — кітаптың тек ақпарат көзі ғана емес, ол білім мен танымға жетелейтін, сезім мен әсерге толы, сан түрлі жаңалықтарға бастайтын ерекше бір ғалам екенін ұғындыру.