Дала үстінде қалықтаған кітаптар
№11 кітапхана-филиалында 4–6 сынып оқушыларына арналған «Дала үстінде қалықтаған кітаптар» атты кітап-шоу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы балаларды қазақстандық жазушылардың шығармаларымен таныстырды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің қайнар көздері мен оның әлемдік мәдениеттегі ерекше орны жайлы кеңінен әңгімеледі. Көрмеге Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Олжас Сүлейменов, Ғабит Мүсірепов сынды қаламгерлердің еңбектері ұсынылды. Оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілері — ертегілер мен батырлар жырларымен де танысты.
Іс-шара соңында оқушылар қазақстандық авторлардың кітаптары – ұлттың рухани қазынасы деген тұжырымға келді. Бұл шығармалар шынымен де «дала үстінде қалықтап», өткен мен бүгінді, болашақты өзара байланыстырып тұр.