Кітапхана — ұлылық мекен

23.04.2026 17:14 Администратор библиотеки
Кітапхана — ұлылық мекен

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында жасөспірімдерге арналған «Кітапхана — ұлылық мекен» атты танымдық экскурсия өтті. Шара барысында оқырмандар кітапхананың тарихымен танысып, оның басты байлығы — сан алуан қызықты әрі пайдалы ақпаратқа толы кітаптар екені туралы мағлұмат алды. Кітапханашы кітапхананың қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіріп, оқырмандарды кітапханадағы тәртіп ережелерімен, кітапты күтіп ұстау қағидаларымен және алфавиттік каталогты пайдалану жолдарымен таныстырды. Бұл жүйе арқылы әрбір оқырман өзіне қажетті кітапты тез әрі оңай таба алады. Сонымен қатар қатысушылар  «Шахтинск ОКЖ» КММ ресми сайтымен танысып, оның мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР