Жастар оқиды
№11 кітапхана-филиалында жастарға арналған «Жастар оқиды» атты кітап шолуы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар назарына кітапханаға жаңадан түскен кітаптар ұсынылды. Оқырмандардың ерекше қызығушылығын қазақ тіліндегі шетелдік көркем әдебиет туындылары тудырды. Қатысушылардың кейбірі ұнаған кітаптарын үйге алып, әрі қарай оқуға ниет білдірді.