Балалық шақтың мейірім кемесі
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері №4 ЖББМ барып, 3 «Б» сынып оқушыларына «Балалық шақтың мейірім кемесі» атты қызықты әдеби саяхат өткізді. Іс-шара Самара қаласының Балалар кітапханаларының орталықтандырылған жүйесі дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Мейірімділік кемесі» халықаралық акциясы аясында өтті. Кітапханашы оқушыларға акцияның тарихы мен ізгі мақсаты – балаларды кітап оқуға және жақсылық жасауға баулу, оларды мейірімділік пен ізгілік төңірегінде біріктіру туралы әңгімеледі. Кездесу барысында балаларға достық, қайырымдылық және өзара көмек туралы шығармаларға шолу ұсынылды. Оқушылар кітаптардың қысқаша мазмұнын қызығушылықпен тыңдап, басты кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылады және нағыз дос болудың мәні туралы ой бөлісті. Іс-шараның практикалық бөлігінде шығармашылық шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Балалар оригами техникасын пайдаланып, мейірімділік пен үміттің символы саналатын түрлі түсті қағаз кемелерді қызығушылықпен жасады. Кездесу соңында мейірімділік пен кітап оқу эстафетасын жалғастыру мақсатында балаларға кітап сыйға тартылды.