Туған жер – алтын бесігім
«Туған жер – алтын бесігім» виртуалды саяхат. Қазақстан Республикасы күніне орай №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері қалың оқырман қауымға арналған «Туған жер – алтын бесігім» атты виртуалды саяхат ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар еліміздің тарихи орындары мен ең көрікті мекендерін қамтыған интерактивті медиа-саяхатқа қатысып, мерекенің пайда болу тарихымен танысты, мемлекеттік рәміздерді еске түсіріп, Қазақстан халқының бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат алды. Іс-шара аясында «Қазақстан – ортақ үйіміз!» атты кітап көрмесі мен танымдық викторина ұйымдастырылды. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға туған жерге деген мақтаныш сезімін сыйлады.