Ертегі бізде қонақта

28.01.2026 11:52 Администратор библиотеки
Ертегі бізде қонақта

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері «Жұлдыз» шағын орталығына барып, бүлдіршіндерге арналған «Ертегі бізде қонақта» атты библиоглобус ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар сүйікті ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, олардың қызықты әлеміне саяхат жасады. Шара кезінде балалар ертегілер арқылы жақсылық пен жамандықты ажыратып, достық пен бір-біріне көмектесудің маңызын түсінді. Бүлдіршіндер сұрақтарға белсенді жауап беріп, өлеңмен берілген жұмбақтарды үлкен қызығушылықпен шешті. Ертегілер әлеміне жасаған саяхат балалардың ерекше көңілінен шықты.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР