Әуеннің сиқырлы әлемі
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері №4 ЖББМ барып, оқушыларға қазақтың әйгілі күйші-домбырашысы Дина Нұрпейісованың 125 жылдығына орай «Әуеннің сиқырлы әлемі» атты музыкалық кеш өткізді. Шара барысында оқушыларға Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды презентация таныстырылды. Кездесу соңында оқушылар күйші орындауындағы шығармалар жазылған бейнероликті тамашалап, ерекше әсер алды.