«Мықты, мейірімді, көңілді жандар мерекесі» денсаулық сабағы
№13 балалар кітапхана-филиалында «Мықты, мейірімді, көңілді жандар мерекесі» атты денсаулық сабағы ұйымдастырылды. Оқушылар ойын форматындағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жеке бас гигиенасы, пайдалы тағамдар және спорттық құралдар туралы жұмбақтар қамтылған викторинаға белсене қатысты. Балалар денсаулықтың қадірі туралы ұлы тұлғалардың нақыл сөздерін талқылап, өз денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Бағдарламаға қимылды ойындар мен зияткерлік тапсырмалар енгізіліп, олар жаңа мәліметтерді бекітуге мүмкіндік берді. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балалар дұрыс тамақтану мен спорттың адам өміріндегі маңызын жақсы меңгергендерін көрсетті.