Ертегілер мен ғажайыптар күні

03.04.2026 15:43 Администратор библиотеки
Ертегілер мен ғажайыптар күні

«Балалар кітабы апталығы» аясында балалар кітапханасында «Ертегілер мен ғажайыптар күні» атты библиошоу ұйымдастырылды. Іс-шараға Е.Бөкетов атындағы мектептің 4-сынып оқушылары қатысты. Бағдарлама барысында оқушылар кітап әлеміне саяхат жасап, түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ қызықты әрі ерекше «Әдеби дегустация» кезеңінде өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Шара жоғары деңгейде өтіп, балаларға зор қуаныш сыйлады. Қатысушылар белсенділік танытып, барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Кеш соңында оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқап, келесі кездесуді асыға күтетіндерін жеткізді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР