«Саяхат және шытырман оқиғалар күні» атты көңілді қарым-қатынас кеші

09.04.2026 11:50 Администратор библиотеки
«Саяхат және шытырман оқиғалар күні» атты көңілді қарым-қатынас кеші

Балалар кітабы апталығы аясында Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушылары кітапхана қабырғасынан шықпай-ақ әсерлі дүниежүзілік саяхатқа шықты. Бұл сапарда олардың басты серігі – қиял күші мен достық болды. «Сөмке жинау» ойынында балалар қажетті заттарды артық дүниелерден ажыратып, тапқырлықтарын көрсетті. «Жұмбақтар аралында» түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ал «Әдеби кейіпкерлер шығанағында» Маугли мен доктор Айболит сынды әйгілі кейіпкерлерді еске алды. Балалар сарапшы ретінде ертегі заттарын – алтын кілт пен кристалды туфля – өз иелеріне дәл тауып берді. Ал «Джунгли дыбыстары» викторинасы кітапхананы жабайы табиғат әлеміне айналдырып, ерекше әсер сыйлады. Бұл шара кітаптардың шексіз мүмкіндіктерге жол ашатынын дәлелдеді. Қатысушылар жаңа оқиғалар мен әдеби жаңалықтарға шабыт алып тарқасты!

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР