Сөзге 85 жыл: жазушы Қадірбек Сегізбаев

22.04.2026 15:50 Администратор библиотеки
Сөзге 85 жыл: жазушы Қадірбек Сегізбаев

№13 кітапхана-бөлімшесінде Е. Бөкетов атындағы ЖББМ 6-сынып оқушылары үшін республикалық «Оқитын уақыт» акциясы аясында «Сөзге 85 жыл: жазушы Қадірбек Сегізбаев» атты әдеби сағат ұйымдастырылды. Қадірбек Сегізбаев — қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті жазушы, аудармашы және журналист. Оның шығармашылығы ұлттық әдебиеттің алтын қорына айналып, терең мазмұнымен және көркемдік шеберлігімен ерекшеленеді. Қаламгер прозада да, публицистикада да өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, қазақ мәдениетінің рухани дамуына елеулі ықпал етті. Оның еңбектері бүгінгі оқырман үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл әдеби сағат барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, терең әсер алды. Кездесу жоғары рухани деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР