Шеберлер аралы

28.04.2026 17:37 Администратор библиотеки
Шеберлер аралы

Шахтинск қаласындағы Оқушылар сарайында Бөкетов атындағы ОМ 8 «Б» сынып оқушылары үшін «Таңдау уақыты» кәсіби бағдарлау жобасы аясында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Кәсіби құзыреттілікті дамыту және мансаптық өсу орталығының педагог-психологы Политова М.А. қатысып, оқушыларға арналған «Шеберлер аралы» атты танымдық кәсіби бағдарлау ойынын өткізді. Ойын барысында оқушылар өз қиялындағы «Болашақ қаласын» жобалап, түрлі мамандықтарды тәжірибе арқылы байқап көрді. Бұл олардың өзін-өзі тануына, қызығушылықтарын анықтауға және жеке қабілеттерін бағалауға мүмкіндік берді. Жаттығу барысында оқушылар өздерінің күшті жақтары мен болашақ даму бағыттары туралы ой түйді. Сонымен қатар, оқушылар «Тамақ дайындау технологиясы» үйірмесіне қатысып, педагог Нестерова Н.В. жетекшілігімен бутербродтар дайындау процесімен танысты. Олар сондай-ақ пайдалы чипс пен қытырлақ тағамдар әзірлеудің құпияларын меңгеріп, дайын өнімдерді өз қолдарымен жасап көрді. Іс-шара оқушылар үшін танымдық әрі қызықты өтіп, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға деген қызығушылығын арттырды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР