Айналамыздағы құпиялар
Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары №13 балалар кітапхана-филиалында өткен ерекше шараға қатысты. Балаларды «Айналамыздағы құпиялар» атты ашылған және әлі де ашылмаған тылсым сырлар сағаты қарсы алды. Шара барысында ғасырлар бойы адамзатты таңғалдырған әрі қорқыныш тудырған құпиялардың ғылым арқылы қалай түсіндірілгені туралы айтылды. Сонымен қатар қазіргі таңда әлем ғалымдарын толғандырып отырған жұмбақтармен танысты. Қызықты тәжірибелердің көмегімен оқушылар сиқыр деп қабылданатын көптеген құбылыстардың шын мәнінде физика мен химия заңдарына негізделетінін білді.