Валентин күні
Әулие Валентин күні қарсаңында балалар кітапханасында махаббат пен шаттыққа толы атмосфера орнады! Евней Букетов атындағы ЖББМ 4-сынып оқушыларына арналған «Валентин күні» атты мерекелік іс-шара өтті. «Махаббат хикаялары» викторинасы мен «Құпия сөз», «Жүректерді жаулау», «Жүрек эстафетасы», «Махаббат жолы», «Екі жүректің биі» атты көңілді сайыстар қатысушыларға жарқын эмоциялар сыйлады. Іс-шара барысында оқушылар тек көңіл көтеріп қана қоймай, өздерінің зеректігін, зейінін және спорттық рухын көрсете білді!