Сиқырлы Су балаларға қонаққа келді

27.02.2026 14:13 Администратор библиотеки
Сиқырлы Су  балаларға қонаққа келді

26 ақпанда кітапхана-филиал қызметкерлері «Сиқырлы Су  балаларға қонаққа келді» атты ойын бағдарламасын өткізді. Іс-шара бастауыш сынып жасындағы балалардың қатысуымен ойын түрінде ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында балалар жұмбақтар шешіп, қимылды және экологиялық ойындарға қатысты: «Тірі тамшылар», «Судың физикалық қасиеттері», «Суды үнемдейік». Сондай-ақ «Су эстафетасы» және «Мақал-мәтел эстафетасы» атты сайыстарға қатысып, табиғат дыбыстарын тыңдады. Балалар «Менің арманымдағы теңіз» атты шығармашылық жұмыс жасап, су қорын сақтау үшін жасалатын игі істерді қосты. Іс-шара аясында «Кітап беттеріндегі су ғажайыптары» атты әдебиеттерге шолу ұсынылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР