«Бұл жер – бәрімізге ортақ» әңгіме-ойын
№16 кітапхана-филиалы Дүниежүзілік Жер күніне орай 3-сынып оқушылары үшін «Бұл жер – бәрімізге ортақ» әңгіме-ойын ұйымдастырды. Балалар табиғат – біздің ортақ үйіміз екенін, оны қорғауға әрқайсымыз қалай үлес қоса алатынымызды, суды, ауаны және жерді сақтау үшін қандай әдеттерді қолдануға болатынын талқылады. Білімді бекіту мақсатында «Экологиялық эстафета», «Жасыл кроссворд» және басқа да ойындар өткізілді. Іс-шара соңында балалар «Табиғаттың жасыл беттері» атты кітаптарды қарап шықты.