«Салауатты жастар – мықты Қазақстан» әңгімелесу
16-шы кітапхана филиалының қызметкері жастарға арналған «Салауатты жастар – мықты Қазақстан» атты әңгімелесу өткізді. Біз дене белсенділігі, дұрыс тамақтану және күн тәртібі туралы әңгімелестік, мини‑викторина және «Сіз жастар министрі болсаңыз» атты рөлдік ойын ойнадық, дене шынықтыру жаттығуларын жасадық, сондай-ақ салауатты күннің жоспарын құрастырдық. Жастар белсенді қатысты, пайдалы кеңестер алды және денсаулық – елдің болашағына салынған инвестиция екенің түсінді. Іс-шара барысында «Салауатты болу – пайдалы әдет» атты әдебиет көрмесі ұсынылды.