«Тамшыдан тамшыға» атты әңгіме + шеберлік сабағы.

19.03.2026 16:41 Администратор библиотеки
«Тамшыдан тамшыға» атты әңгіме + шеберлік сабағы.

№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері балалар үшін «Тамшыдан тамшыға» атты әңгіме + шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара барысында балаларға судың табиғаттағы айналымы мен оның адам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Олар мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды еске алып, интерактивті әңгімеге белсене қатысты. Практикалық бөлімде балалар қауіпсіз тәжірибе жасап, бір тамшы судың қасиетін бақылады. Сонымен қатар ұжыммен бірге «Достық бұлағы» аппликациясын жасады. Балалар өз шығармашылықтарын көрсетіп, «Тамшы әнін» ойлап шығарды және суға қамқорлық таныту мақсатында «Тамшыға уәде» берді. Сабақ соңында балалар «Су туралы не білеміз?» атты әдебиеттермен танысып, жаңа білім мен қызықты тәжірибемен танысты.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР