«Ойлан да тап!» зияткерлік шоу

03.04.2026 11:38 Администратор библиотеки
«Ойлан да тап!» зияткерлік шоу

2 сәуір күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері Балалар кітабы апталығы аясында 5-сынып оқушыларына арналған «Ойлан да тап!» атты зияткерлік шоу өткізді. Іс-шара барысында оқушылар сергіту сұрақтарына жауап беріп, логикалық тізбектерден артық элементтерді тапты, ребустар шешіп, суреттерден айырмашылықтарды анықтады. Сонымен қатар командалық турнирде практикалық тапсырмаларды орындап, ойлау жылдамдығын анықтайтын қорытынды блиц-турға қатысты. Шара достық атмосферада өтіп, қатысушылар зейін, тапқырлық және командалық рухтарын көрсетті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР