Не жақсы, не жаман?
«Ертегілік эко-тур» жобасы аясында №16 кітапхана-филиалында «Не жақсы, не жаман?» атты әңгіме өткізілді. Іс-шара «Көңілді ноталар» вокалдық тобына арналды. Балалар мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ойындар мен викторина арқылы таза ауаның пайдасы мен қоршаған ортаның ластануының зияны туралы мағлұмат алды. Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, түрлі тапсырмаларды орындады: «жақсы» және «жаман» ұғымдарын ажыратып, карточкалармен жұмыс істеді, тыныс алу жаттығуларын жасап, өлеңдер оқыды. Әңгіме соңында балалар таза ауаның адам денсаулығы үшін маңызын түсініп, табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз деген ортақ қорытындыға келді.