«Әдебиет бойынша кибертурнир» турнир

22.04.2026 15:54 Администратор библиотеки
«Әдебиет бойынша кибертурнир» турнир

22 сәуірде №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері Ұлттық кітап апталығы аясында  «№11 ЖББМ» КММ 11-сынып оқушылары үшін «Әдебиет бойынша кибертурнир» ұйымдастырды. Шара қызықты сергіту кезеңімен басталып, онда оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы қысқа сұрақтарға жауап берді. Одан кейін қатысушылар топтарға бөлініп, әртүрлі тапсырмаларды орындады: авторды портреті арқылы тану, дәйексөз бойынша анықтау, шығарманың мазмұнын қалпына келтіру. Негізгі кезеңнің қорытындысында командалар тең ұпай жинап, жеңімпаз капитандар сайысында анықталды. Қатысушылар тартысты дода барысында білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және шығармашылық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл турнир әдебиеттің тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар шабыт пен шығармашылыққа жол ашатын, достық бәсекені нығайтатын ерекше алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР