«XIX ғасыр ақындары мен жыраулары: мұра және қазіргі заман» әдеби кеш

22.04.2026 16:01 Администратор библиотеки
«XIX ғасыр ақындары мен жыраулары: мұра және қазіргі заман» әдеби кеш

22 сәуір күні Бұқар жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасында XIX ғасыр ақындары мен жыраулары тақырыбында әдеби кеші өтті. Алдымен әдеби кешті ұйымдастырушы кештің мақсатын таныстырып шара кітапханашының тақырып ашу мақсатында XIX ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Абай Құнанбайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы шығармашылығының маңызын атап өтті, аталған ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған қысқаша баяндамалар оқылып, бейнероликтер назарларына ұсынылды.  Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің тәрбиелік мәні, Махамбет жырларындағы еркіндік идеясы, Дулат Бабатайұлының әлеуметтік-рухани толғаныстары ерекше аталып өтті.  Көркем оқу бөлімінде ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жыраулар шығармаларынан үзінділер орындады. Сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар XIX ғасыр әдебиетінің қазіргі заманмен байланысы туралы пікір алмасты. Кейін әр түрлі қызықты сауалнамалар ойнатылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР