«Шен мен марапатсыз: майдандағы жануар-көмекшілер» атты әңгіме
5 мамыр күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ 4-сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кіші бауырларымыздың ерліктеріне арналған «Шен мен марапатсыз: майдандағы жануар-көмекшілер» атты әңгіме өткізді. Балалар санитар-иттер, байланысшы және мина іздеуші иттердің қызметі, Ленинградты егеуқұйрықтардан қорғаған мысықтар, жауынгерлік хабар жеткізген көгершіндер, сондай-ақ майданда жауынгерлерге көмектескен жылқылар, түйелер мен есектер туралы мағлұмат алды. Бұл әңгіме Жеңістің тек адамдардың ғана емес, мыңдаған жануарлардың да жанқиярлық еңбегімен келгенін терең түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара аясында «Жеңістің төрт аяқты қаһармандары» атты кітап көрмесі таныстырылды.