«Чернобыль: апат пен салдары» экологиялық сағат

30.04.2026 12:27 Администратор библиотеки
«Чернобыль: апат пен салдары» экологиялық сағат

29 сәуір күні №16 кітапхана-филиалында «Веселые нотки» вокалдық ұжымының қатысуымен «Чернобыль: сынақ күндері» атты экологиялық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар ХХ ғасырдағы ең алапат техногендік апаттардың бірі – Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс туралы мәлімет алды. Оқушылар станцияның салыну тарихымен, 1986 жылғы 25-інен 26-сәуіріне қараған түні болған қайғылы оқиғалармен, реактордағы жарылыс пен өрттің салдарымен танысты. Сондай-ақ, апаттың алғашқы сәттерінде өз өмірлерін қауіпке тігіп, радиацияға қарамастан тілсіз жаумен күрескен адамдардың ерлігі ерекше атап өтілді. Ликвидаторлардың жанқияр еңбегінің арқасында апаттың зардабы шектелді. Шара соңында оқушылармен апаттың ұзақ мерзімді салдары талқыланып, экологиялық қауіпсіздік, технологияларды дұрыс пайдалану және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасу өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР