Квиз-тайм «Қысқы ғажайыптар».
6 қаңтар күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ оқушыларына арналған квиз-тайм ұйымдастырды. Қатысушылар қысқы табиғат, ертегілер мен аңыздар, салт-дәстүрлер мен мерекелер, сондай-ақ музыка мен кино тақырыптары бойынша өз білімдерін сынады. Әзілге толы сұрақтардан тұратын блиц-раунд пен «Әуенді таны», «Қар ұлпасын құрастыр», қысқы кроссворд сияқты интерактивті тапсырмалар ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар белсенділік пен жоғары эрудиция көрсетті. Іс-шара соңында «Шырша» атты шығармашылық шеберлік сабағы өткізілді. Сондай-ақ «Қыстың қарлы, нәзік ертегісі» атты әдебиеттер көрмесі таныстырылды. Мереке қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, жаңа білім және нағыз қысқы сиқыр сезімін сыйлады.