«Ертегіні айтамын — ғылымды түсіндіремін» дауыстап оқу + зертхана

30.01.2026 11:32 Администратор библиотеки
«Ертегіні айтамын — ғылымды түсіндіремін» дауыстап оқу + зертхана

 №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ертегіні айтамын — ғылымды түсіндіремін» атты дауыстап оқу және зертханалық іс-шарасын «Ертегінің коды: ғылыми көзқарас» жобасы аясында өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар ертегілерді тыңдап, ондағы оқиғалардың ғылыми негізін талқылады. Оқудан кейін практикалық шағын эксперименттер ұйымдастырылды:  қағаз ұшақтарды ұшыру, судың қату үдерісін бақылау, айна мен фонарик арқылы жарықтың шағылуын көрсету сияқты шағын тәжірибелер жүргізілді. Сонымен қатар «Сиқырлы оқиғалар патшалығы» атты әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды. Іс-шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін дамытуға және бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР