«Сәтті мүмкіндік» интеллектуалдық ойын

06.02.2026 17:25 Администратор библиотеки
«Сәтті мүмкіндік»  интеллектуалдық ойын

6 ақпанда №16 кітапхана-филиалында жасөспірімдерге арналған «Сәтті мүмкіндік» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ және орыс тілдерінен білімдерін сынап, түрлі жұмбақтар мен фразеологизмдерді шешті, бір-біріне қызықты сұрақтар қойды және музыкалық үзіліске белсене қатысты. Ойын барысында оқушылар тапқырлықтарын, ой ұшқырлығын және топпен жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті. Іс-шара аясында «Қазақ, орыс және ағылшын тілдері: А-дан Я-ға дейін» атты әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР