Ақпараттық сағат
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері жасөспірімдерге арналған, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы сөйлеген сөзіне арналған ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Құрылтайдың құрылу тарихымен танысып, Мемлекет басшысының бастамаларын, сондай-ақ мәдениет пен білім салаларындағы маңызды өзгерістерді талқылады.