Тарихи досье «Дәуір тұлғасы: хан Едіге»

13.02.2026 12:48 Администратор библиотеки
Тарихи досье «Дәуір тұлғасы: хан Едіге»

Құрметті оқырмандар, назарларыңызға «Дәуір тұлғасы: хан Едіге» атты тарихи досьені ұсынамыз. Едіге (1352 - 1419) - XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басында Алтын Орда мемлекетінің түменбасы, Маңғыт жұрты мен кейін Ноғай Ордасы билік еткен әулеттің негізін қалаушы. Ол литва князі Витовттың қалың қолын талқандап, бірнеше орыс қалаларын ойрандап, Мәскеуді алым-салық төлеуге мәжбүр етті. Ал Әмір Темір Едіге билік жүргізіп тұрған кезде Алтын Орда жеріне басып кіруге тәуекел етпеді. Оның өмірі жауынгерлік ерліктерге толы болды: ұзақ жорықтар, даңқ пен сатқындық қатар өрілді. Тағдырдың жазуымен ол ұлан-ғайыр мемлекеттің билеушісіне айналып, ішкі және сыртқы саясатты өз түсінігіне және заман талабына сай жүргізді. Оның билік құрған дәуірі Алтын Орданың соңғы рет күшейіп, айбыны асқан кезеңі болды. Осыдан кейін мемлекет ыдырау жолына түсті.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР