Ауған соғысы – тағдырлар сынағы
№16 кітапхана-филиалының кітапханашысы «Ауған соғысы – тағдырлар сынағы» атты сұхбат ұйымдастырды. Іс-шара барысында соғыстың жай ғана тарихи кезең емес, мыңдаған адамдардың өміріне әсер еткен ауыр сынақ екені айтылды. Оқушылар ауған жерінде әскери борышын өтеген сарбаздардың ерлігі мен табандылығы туралы білді. Сондай-ақ олардың жақындары үйде үмітпен күтіп, алаңдаушылық пен сағынышты бастан өткергені жөнінде сөз қозғалды. Кездесу барысында өткенді ұмытпай, тарихты құрметтеудің маңызы айтылды.