Оқыдық – Тамашалаймыз – Талқылаймыз

17.03.2026 15:01 Администратор библиотеки
Оқыдық – Тамашалаймыз – Талқылаймыз

№1 кітапхана-филиалының қызметкері «Кітапханадағы еркін кеш» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларына арналған «Оқыдық – Тамашалаймыз – Талқылаймыз» атты еркін форматтағы кино-кеш ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға әдеби шығармалардың экрандалған нұсқаларынан үзінділер көрсетіліп, кейіпкерлер бейнесін салыстыру, кітаптағы мәтін мен фильмдегі нұсқаның айырмашылықтарын талқылау ұсынылды. Талқылау үшін орыс және шетел классикасынан, сондай-ақ заманауи әдебиеттен келесі шығармалар таңдалды: «Соғыс және бейбітшілік», «Қылмыс пен жаза», «Жасаусыз қалыңдық», «Мастер мен Маргарита», «Ромео мен Джульетта»,   «Жұлдыздар кінәлі», «Мара мен Морок»  шығармалар ұсынылды. Кездесу соңында оқушылар кітап кейіпкердің ішкі әлемін тереңірек ашатынын, ал фильм оқиға мен образдарды әсерлі әрі көрнекі түрде жеткізетінін атап өтті.

 

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР