Маусымның жаңа кітаптары
№1 кітапхана-филиалының қызметкері «Маусымның жаңа кітаптары» атты ақпарат күнін өткізді.Оқырмандар заманауи көркем және кәсіби әдебиеттерімен танысып, танымал авторлар мен бүгінгі оқырмандардың қызығушылығын тудыратын өзекті кітаптар туралы ақпарат алды. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, әрбір келуші өзінің қызығушылығына сай — қызықты романдардан бастап пайдалы ғылыми-танымдық басылымдарға дейін кітаптарды таба алды.