Кітап сенімен қоштаспайды!
№7 ЖББМ 1-сынып оқушыларымен Балалар кітабы апталығының жабылуына арналған «Кітап сенімен қоштаспайды!» атты әсерлі де мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында оқушылар музыкалық, би және гимнастикалық қойылымдар арқылы өз өнерлерін паш етті. Мерекеге арнайы келген ертегі кейіпкерлері — Қоян мен дәрігер Айболит балаларға ерекше көңіл-күй сыйлап, қызықты ойындар мен көңілді эстафеталар өткізді. Іс-шара соңында оқушылар кітапты ұқыпты пайдалану ережелерін қайталап, кітап оқудың маңыздылығын тереңірек түсінді. Мереке балаларға қуаныш пен шабыт сыйлап, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын арттырды.