Алтын кітап мұрасы

23.04.2026 16:57 Администратор библиотеки
Алтын кітап мұрасы

№1 кітапхана-филиалының қызметкері «Ұлттық кітап күні» аясында №7 ЖББМ 10 «А» сынып оқушылары үшін «Алтын кітап мұрасы» атты әдеби микс өткізді. Кітапханашы Ұлттық кітап күнінің маңыздылығы туралы айтып, қоғамда оқу мәдениетін арттыру мақсатымен жарияланғанын түсіндірді. Оқушылар қазақ классикалық әдебиетінің үздік шығармаларымен танысты: «Қара сөздер» (А. Құнанбаев), «Көшпенділер» (І. Есенберлин), «Абай жолы» (М. Әуезов), «Ұлпан» (Ғ. Мүсірепов), «Жусан иісі» және «Жабайы алма» (С. Мұратбеков). Іс-шара барысында «Қазақстанның әдеби әлемінің үздіктері» атты бейнеролик көрсетілді. Соңында оқушылар «Қазақ прозасының жазушылары» атты викторинаға қатысты.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР