Жазушы, ойшыл, қайраткер
№1 кітапхана-филиалының қызметкері №5 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары үшін «Жазушы, ойшыл, қайраткер» атты оқу және пікірталас сағатын ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапханашы Қабдеш Жұмаділовтің өмірбаяны мен шығармашылық жолына тоқталып, оның рухани мұрасы, терең ойлары мен көркем дүниетанымы туралы кеңінен әңгімеледі. Кештің мазмұнын «Тағдыр» және «Соңғы көш» шығармаларымен танысу толықтыра түсті. Оқылған үзінділер арқылы оқушылар жазушы тілінің көркемдігін, дәуір тынысын және қаламгердің сөз құдіретін тереңірек сезіне алды.