Book Room Tour

29.04.2026 14:58 Администратор библиотеки
Book Room Tour

№1 кітапхана-филиал қызметкері №7 ЖББМ жоғары сынып оқушыларына арналған «Book Room Tour» экскурсиясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар кітапхана ішін аралап, оның құрылымымен, негізгі бөлімдерімен, кітап қорымен, оқу залымен және заманауи ақпараттық-электрондық ресурстармен танысты. Олар кітапханада қажетті ақпаратты қалай іздеу керектігін, каталогтарды және цифрлық платформаларды тиімді пайдалануды үйренді. Сонымен қатар, қатысушылар «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының мазмұнымен және оның бөлімдерінің мүмкіндіктерімен танысты. «Мықты мемлекет – тұрақты қоғам» және «Кітаптар әлеміндегі жастар» атты кітап көрмелері мен жаңа басылымдар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Экскурсия барысында қазіргі кітапхана тек кітап сақтау орны емес, сонымен қатар білім мен ақпараттың, шығармашылықтың және жастардың дамуына арналған заманауи орта екені көрсетілді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР