Кітап vs Экранизация?
№1 кітапхана-филиалының қызметкері «Библиоквартирник» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларына арналған «Кітап vs Экранизация?» атты кинокөрсетілім ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды әдеби шығармалар мен олардың экрандық нұсқаларын салыстыруға шақырып, кітап әлемінен кино әлеміне ойша саяхат жасауға мүмкіндік берді. Оқушыларға Дж. Остиннің «Гордость и предубеждение», С. Коллинздің «Голодные игры», Д. Гриннің «Виноваты звезды», С. Чбоскидің «Хорошо быть тихоней», Д. Дэшнердің «Бегущий в лабиринте» шығармалары және олардың экранизация үзінділері ұсынылды. Талқылау барысында қатысушылар кейіпкерлердің бейнесін, автор идеясы мен режиссерлік шешімдерді салыстырып, өз ойларымен бөлісті. Нәтижесінде олар кітап та, фильм де әртүрлі жолмен болса да адамның ой-өрісін кеңейтіп, сезіну мен түсінуге әсер ететіні туралы ортақ пікірге келді.